433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоғам өкілдері сайлауға белсенді атсалысуы керек – Расул Жұмалы

  • 256
  • UPD: 15:49, 14.12.2020

Қоғам өкілдері Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау процесіне белсенді атсалысуы керек.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалы осындай пікір білдіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, тәуелсіз азаматтарға сайлаудың ашық өтуін қадағалауға мүмкіндік берілуі қажет. Сондай-ақ сарапшы заңға енгізілген бірқатар өзгеріс мұндай науқандардың әділ жүргізілуіне жағымды әсерін тигізетінін жеткізді. Ал, болашақта саяси тараптар конструктивті диалог жүргізе алады. «Бұл өркениетті елдің басты белгілерінің бірі», - деп есептейді Расул Жұмалы.

Расул Жұмалы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Қоғам белсенділерінің бақылаушы ретінде қатынасуына барлық жағдай жасау керек. Айналып келгенде биліктің өзі ертең алға тартатын мәселе ол – сайлаудың әділ өткендігі. Халықтың ойының алға тартылғаны. Олардың меңзеп отырғаны мына сайлаушылардың мейлінше белсенді ашық әділ түрде бөгетсіз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасау бұл Орталық сайлау комиссиясы ғана емес, билік органдары үшін үлкен сынақ болатын түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы