432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы мемлекеттік наградаларды тапсырды

  • 214
  • UPD: 23:30, 14.12.2020

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада Елбасы барша қазақстандықты еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып келеміз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекетке айналдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы шара барысында Премьер-Министр Асқар Маминге, Тұңғыш Президент - Елбасы көмекшісі Данияр Ақышевқа, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы Ардақ Әшімбекұлы және басқа да азаматтарға мемлекеттік награда тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Егемендік деген мемлекетіміздің жарқын символы болып саналады. Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып жатырмыз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекет құра білдік. Әсіресе қазіргі қиын кезде еселі еңбектеріңіздің орны бөлек. Сол үшін зор ризалық білдіреміз.  

Тұңғыш Президент марапат иелерінің ел дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Премьер-Министр Асқар Мамин қиын кезеңде үкіметке жетекшілік етіп, тығырықтан шығар жол тапты.

«Сондықтан осы жолда қажыр-қайратын аямай, одан әрі де еңбектене береді деген сенімдемін», - деді Елбасы.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың да кәсіби біліктілігі жоғары бағаланды. Ол аймақ басшылығына келгелі бері Жетісу өңірінде оң өзгерістер көп болған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Қазақстанның өркендеуі мен ел игілігі – сіздер үшін ең маңызды дүние. Бұл марапаттар – ел дамуына сіңген ерен еңбектің жемісі. Баршаңызды осы жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, бақ-береке мен табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміз өркендей берсін. Бұдан асқан бізге мереке жоқ. Тәуелсіздікті сақтап қалу үлкен күшті талап етеді. Осы елді келер ұрпаққа біз де аманаттап тапсыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы