417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путин Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 126
  • UPD: 20:36, 14.12.2020
Путин Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Владимир Путин өзінің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму ісінде зор табысқа қол жеткізгенін, әлемдік аренада үлкен беделге ие екенін, халықаралық өзекті проблемаларды шешуде маңызды әрі конструктивті роль атқаратынын атап өткен. 

– Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екі жақты байланыстарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымы, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көп жақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін. Мұның бауырлас халықтарымыздың мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз. Сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанымызды білдіреді. Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін, – делінген Ресей Президентінің жеделхатында.

Хабар 24 телеарнасы