433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Көшербаев мемлекеттік наградаларды тапсырды

  • 172
  • UPD: 22:42, 14.12.2020
Қ.Көшербаев мемлекеттік наградаларды тапсырды

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Президент тапсырмасымен бір топ белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төсбелгілер табыстады. Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысының ел дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан қазақстандықтарды наградалармен марапаттауы игі дәстүрге айналған.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Әрқилы заманның шақыруларында сәйкес жауапты азаматтар тауып берген. Жау бетке білектімізді қойдық. Дау бетке біліктімізді қойдық. Ол жағынан қазақ халқы қабырғалы азаматтар ешқашан кенже болған емес. Елдің келбеті сіздерсіздер. Сіздер тәуелсіз еліміздің тәуелсіздігінің одан әрі нығая түсуіне, көк байрағымыздың желбіреп, өскелең ұрпағымыздың үкілі үмітін іске асыруға жол ашып беріп отырған жауапты буынның өкілдерісіздер. Сондықтан атқарып жатқан қызметтеріңізге Мемлекет басшысы, өзімнің атынан мың да бір рет рақметімізді айтамыз. Алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы