430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы жастарды Қазақстанның дамуына үлес қосуға үндеді

  • 305
  • UPD: 23:23, 14.12.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты жастарға арналған онлайн-форум өткізді. Форумда «Ел үміті» бастамасының жеңімпаздары марапатталып, өңірлерде 8 оңалту орталығы ашылды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Талантты жасты тану, танып ғана қоймай талабын ұштау, колдау көрсету – «Ел үміті» бастамасының діттегені осы. Ал «Қамқорлық» жобасы - инклюзивті қоғамды дамытуды көздейтін әлеуметтік бағыт. Оның мақсаты азаматтарға тең мүмкіндік жасау. Форумда Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекет бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу ісіне айрықша көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті. 

Алмағайып уақытта одан әрі қарай дамудың негізін бекемдеу – қоғам үшін аса маңызды. Елбасы бұл мәселеге жеке тоқталды. Және жастарға сенім артты. 

Онлайн-форум барысында «Ел үміті» бастамасының жүлдегерлері марапатталды. «Елбасы медалі» жобасының қола медальдары табысталды. Бұл талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге арналған, Нұрсұлтан Назарбаевтың бақылауымен іске асатын бірегей жоба.

Спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен еңбек тәжірибесі осындай жеті саланы қамтыған «Ел үміті» бағдарламасында қазіргі уақытта 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы  бақ сынап жатыр. Форум кезінде 300 қатысушы қола медальмен марапатталды. 

Әсемай Тәуіпбаева, «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері:

- Елбасының сөзінен бетер ол кісінің көзіне қарап, барлығын түсінуге болады. Болашақ жастардың қолында, болашаққа ұмтылыңдар, жастар, барлығы сіздерге байланысты деді. Соның бәрін тыңдап отырған жастарды бір сілкіндіріп алған сөз меніңше. Әлбетте қанаттанамын Елбасының сөзінен.

Камелия Баймұханбет, «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері:

- Қола медалін алу үшін 5 бағыт бойынша жұмыс жасадық. Оның ішінде игі іс волонтерлік бар. Ол бойынша көптеген тапсырма оырндаған болатынмын. Оның бірі Атырау облысында геолог саябағында 100 ағаш еккен болатынбыз. Осы жұмыстарды жобаға қатыспай тұрып та жасаған болатынмын. Яғни жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз етіп, солай жұмыс атқарған болатынмын.

Ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлде алған мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлері «Ел мақтанышы» сыйлығымен марапатталды.  Сыйақы қомақты, 500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін. Былтыр сыйлық математика, информатика, физика, химия, биология, лингвистика және география бойынша халықаралық олимпиадалардың 20 жеңімпазына және олардың 25 жаттықтырушысына берілсе, биыл 11 оқушы оқ бойы озық шықты. 17 тәлімгер марапатқа лайықты деп танылды.

«Мың бала». Биылғы жылдың ірі жобаларының бірі. Ауыл оқушыларынан арналған алғашқы олимпиада 5 және 6 сынып оқушыларының арасында өтті. 4266 ауыл мектебінің 295 мың оқушысы, 600 мың ата-ана мен педагог қатысты. Солардың ішінен мың жеңімпаз анықталды.

Форум барысында жеңімпаздарды марапаттаудан бөлек 8 өңірде оңалту орталықтары ашылды. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысытары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтар «Қамқорлық» бастамасының аясында жүзеге асты.

Сегіз орталықтың бірі - Оралдағы облыстық балалар ауруханасының ғимаратында ашылды. Жоба «Самұрық-Қазына» есебінен қаржыландырылды. Орталықты сапалы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге 170 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Ал қажетті мамандар даярлауға Тұңғыш Президент қоры мұрындық болды. Елордада кәсіби біліктілігін арттырған 29 маман енді осында қызмет атқарады.

Жадыра Сәрсенғазиева, оңалту орталығының меңгерушісі:

- 13 түрлі кабинет жұмыс жасайтын болады. Оның ішінде дефиктолог мамандар, психолог мамандар, логопед және емдік дене шынықтыру саласындағы мамандар жұмыс жасайтын болады. Еш оңалту орталығында жоқ аппараттар, сонымен қатар биологиялық кері байланыс аппараттары, әртүрлі робототехникалар және вертикализатор, әртүрлі аппараттар алынды.

Ауруханалар жанындағы орталықтардың, мектептердің қасындағы кабинеттердің қызмет көрсетуі – кешенді оңалту жүргізуге жағдай жасайды.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары:

- «Қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде біз тек ғана «Қамқорлық» орталықтарын ғана салып, оларды күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, оның толыққанды 12 мемлекеттен тікелей зауыттардан технологияларды сатып алып, және оларды жұмыс істейтін 220 маманның біліктілігін қайта көтеру курсынан өткіздірдік. 

Форум барысында Елбасы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Жастарды ел дамуына өз үлесін қосуға үндеді.

Автор: Дархан Әбдуахит

Хабар 24 телеарнасы