Дебатты «Хабар» агенттігі ұйымдастырмақ. Пікірсайыс тікелей эфирде өтеді.
Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында осындай ақпарат айтылды. Сайлауға қатысатын бес бірдей партия осы күні өз серкелерін анықтап үлгерген. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері пікірсайыс кезінде партияларға тең мүмкіндік беріледі деп сендірді.
Ерлан Дауылбаев, ҚР ОСК мүшесі:
– Регламент бекітілді, ол бойынша барлық партияға бірдей уақыт беріледі. Осы орайда нақты бір партияларға артықшылық берілмеді.