418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Румынияның бұрынғы президенті қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

  • 103
  • UPD: 12:51, 16.12.2020

Елдің тәуелсіздік күніне орай алыс-жақын шет елдерден әлі де құттықтаулар келіп жатыр. 

Румыния мемлекетінің бұрынғы Президенті, Берлиндегі мәдени дипломатия академиясының президенті және Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының басшысы Эмиль Константинескуде қазақстандықтарды  елдің басты мерекесімен құттықтау жедел хатын жолдады.

Эмиль Константинеску, Румынияның бұрынғы президенті:

- Қазақстан - Румынияның маңызды әріптесі және досы. Бізді ортақ тарих біріктіреді. 20 жылдан астам уақыт бұрын менің Қазақстанға алғашқы сапарым кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев екеуміз Жібек жолы жобасын талқылап, оны қайта жаңғыртуды армандадық. Бүгінде Қазақстан - толайым табыстарға жетті. Сіздерді  Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы