418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан - біздің Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесіміз – Германиялық дипломат

  • 113
  • UPD: 14:29, 16.12.2020

Германияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мигель Бергердің айтуынша, неміс елі Қазақстанды сенімді серіктес деп бағалайды. Дипломат біздің елдер ынтымақтастықты барлық салада нығайтуы тиіс деп біледі.

Мигель Бергер, ГФР СІМ Мемлекеттік хатшысы:

- Сіздерді ұлттық мерекемен құттықтаймын. Қазақстан - біздің Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесіміз екенін атап өткім келеді. Былтыр президент Тоқаев Германияға ресми сапармен келді. Содан бері індетке қарамастан біз көп нәрсеге қол жеткізе алдық деп есептеймін. Елдеріміз экономика, саясатта ғана емес, сондай-ақ мәдени және білім беру салаларында да екі жақты ынтымақтастықты кеңейтсе екен деймін. Орталық Азиядағы стратегиялық әріптестік аясында біз үшін үлкен мүмкіндіктер бар.

Хабар 24 телеарнасы