420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Мемлекеттік ту көтерілді

  • 289
  • UPD: 15:00, 16.12.2020

Бүгін тәу етер Тәуелсіздігімізге 29 жыл. Мәртебесі биік мереке. 1991 жылы дәл осы күні айдай әлемге егеменді ел екеніміз мәлім болды.

Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінде «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданып, жаңа дәуірге қадам бастық. Бүгін ел өміріндегі аса қастерлі мерекеге орай елордадағы ең биік тұғырдан мемлекеттік ту көтерілді. Мемлекеттік күзет қызметі әнұранымызды орындап, көк байрағымызды биікте желбіретті. Елдігіміздің басты нышандарының бірі «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағындағы тұғырдан көтерілді. Бұл көлемі жағынан елдегі ең үлкен ту. Ені 15, ұзындығы 30, салмағы 90 келіге жуық.

Хабар 24 телеарнасы