421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия саясаткері елімізді мерекемен құттықтады

  • 88
  • UPD: 14:35, 16.12.2020

Егемен Қазақстан мен Еуропалық одақтың барлық елдерінің арасында дәстүрлі түрде жақсы қарым-қатынас қалыптасқан.

Екі жақты келісім бекітілгеннен кейін өркендеудің жаңа кезеңі басталып, дамудың бұрынғы сүрлеуі үлкен даңғылға айналды. Бұл туралы біздің телеарна арқылы Тәуелсіздік күніне орай елімізге Римнен құттықтау жолдаған Италияның Халықаралық ғаламдық анализдер институтының басшысы Тиберио Грациани мәлімдеді.

Тиберио Грациани, Халықаралық ғаламдық анализдер институтының басшысы:

- Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын және бейбітшілік пен өркендеу тілеймін! Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген сәттен бастап, біз әдеттегі ауыл шаруашылығы мен саудадан басқа елдеріміздің арасындағы мәдени байланысты да дамыту үстіндеміз. Мысалы, биыл Италияда ұлы қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кеңінен атап өттік.

Хабар 24 телеарнасы