Тәуелсіздік күніне орай Ливанда салтанатты марш өтті. БҰҰ Уақытша күштерінің қосалқы батальоны қатысқан іс-шарада еліміздің туы көкке көтеріліп, әнұраны шырқалды.
«Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» қазақстандық медальдармен миссия басшысы, БҰҰ күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Стефано Дель Кол мен батальон командирі полковник Нараян Сингх Бхати марапатталды.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық төртінші бітімгерлік рота Ливанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі миссияны орындауда.