Қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен алыс-жақын мемлекеттер құттықтап жатыр.
Бүгін Түрік елінің көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік құрған Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычтароғлұнынан келіп жетті. Саясаткер еркіндік пен тәуелсіздік – түркінің ортақ мінезі деп, алыстағы ағайынға сәлемін жолдады.
Кемал Кылычтароғлұ, республикалық халық партиясының жетекшісі:
– Бауырлас Қазақстанның Тәуелсіздігінің 29 жылдығын шын жүректен құттықтаймын. Ұлы көсеміміз Гази Мұстафа Ататүріктің – еркіндік пен тәуелсіздік менің болмысым атты сөзі, басқа географиялық аймақта өмір сүретін туыстас халықтың жол картасына айналды. 16 желтоқсан – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі араға 5 жыл салып, Кеңес үкіметінің ыдырауымен ресми түрде нәтижеленді. Мүмкіндікті қолдана отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және оны «Тарих жасаған тұлға» деп атаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дұғай-дұғай сәлемімді жолдаймын. Жасасын Қазақстан! Жасасын Түркия!