427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанды Канаданың Орталық Азиядағы ең жақын серіктесі деп мойындаймыз – Р.Олифант

  • 397
  • UPD: 16:00, 17.12.2020

Канада Сыртқы істер министрлігінің парламенттік хатшысы Роберт Олифант қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткердің айтуынша, 30 жылдай уақыт ішінде қос елдің арасындағы экономикалық, сауда саттық және ғылым саласындағы серіктестік арта түскен. Түрлі салада мамандар арасында тәжірибе алмасу жолға қойылған дейді дипломат. Ол Қазақстан мен Канада арасындағы достық әрі іскерлік қарым қатынастың арта түсеріне сенім білдірді.

Роберт Олифант, Канада Сыртқы істер министрлігінің парламенттік хатшысы:

- 29 жыл бұрын Канада елі Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі еді. Бүгінде Қазақстанды Канаданың Орталық Азиядағы ең жақын серіктесі деп мойындаймыз.

Қазіргі ковид жағдайына қарамастан екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас нығая түсуде. Осы орайда мен өзімнің және барлық канадалықтардың атынан Қазақстан халқына алғысымды айтып, Тәуелсіздік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Хабар 24 телеарнасы