420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіподақ ұйымдары саяси партиялармен кездесті

  • 118
  • UPD: 23:20, 18.12.2020

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына республикалық Кәсіподақтар федерациясынан 7 мың байқаушы қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін аталған федерация саяси партиялармен кездесуді бастады. Республикалық Кәсіподақтар федерациясы дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз етіп, жұмысшылардың құқығын қорғайтын болады. Бұл үшін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді миссиялар әзірленген.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары:

- Бүкіл партиялармен осындай кездесулер өткізіп, осы біздің қағидаларымызды жеткізіп жатырмыз. Біздің кәсіподақтар атынан бүкіл республика көлемінде шамамен 7000-нан аса байқаушы қатысайын деп жатыр. Біз оларға оқытуын өткізіп, қазіргі кезде оны жалғастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы