421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

  • 201
  • UPD: 13:33, 19.12.2020
Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

«Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын. 

Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз»,  – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы