424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ТМД байқаушылар миссиясы қызметіне кірісті

  • 215
  • UPD: 23:32, 21.12.2020

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Тәуелсіз мемлекеттер достастығының атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминскиймен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия төрағасы, ТМД-дан байқаушылар миссиясының мүшелерінің сайлау жарияланған күннен бастап дауыс беру күніне дейінгі үгіт жұмысының кезеңдерімен таныстырды. Елдегі сайлау процесін бақылауға Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар миссиясынан ұзақмерзімді 20 байқаушы тағайындалған. Ал қысқамерзімді байқаушы болуға 200-ге жуық өтінім түскен. Бұл жолы ТМД байқаушылары, Қазақстандағы сайлау процесін он төртінші рет бақылайды.

Виктор Гуминский, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінде көптеген елдер көлік қатынасын шектеу бойынша шешім қабылдап жатыр. Сондықтан қысқамерзімді байқаушылардың нақты санын айту әзірге қиын боп тұр. Дегенмен, байқаушыларды қамтамасыз ету үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз. Әсіресе, Қазақстанмен шекаралас елдерден байқаушыларды көбірек тартсақ дейміз.

Хабар 24 телеарнасы