Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті
- 208
- UPD: 20:40, 21.12.2020

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Primeminister.kz.
Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.
Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Әңгімелесу кезінде сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.