432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлауға шет елдерден 276 байқаушы тіркелген

  • 323
  • UPD: 23:52, 22.12.2020

Алдағы сайлауға бүгінгі күннің өзінде 4 бірдей халықаралық ұйым мен шет елдерден 276 байқаушы тіркелген.

Саяси науқан жақындаған сайын сырттағы байқаушылардың қазақстандық сайлауға деген қызығушылығы жоғарылап келеді. Бүгін орталық сайлау комиссиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюро, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері қатысып, мәжіліс өткізді. Осы кездесуде халықаралық ұйымдар мен шет елдердің байқаушыларын аккредиттеу туралы орталық сайлау комиссиясының қаулысы бекітілді.

Анастасия Щегорцова, ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– 2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге 4 халықаралық ұйымнан және 14 шет мемлекеттен тағы 190 байқаушының кандидатурасы ұсынылды. Аккредиттеуге келіп түскен өтініштерге орай байқаушылар туралы деректер жаңартылып отырады.

Хабар 24 телеарнасы