429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бред сивой кобылы»: М.Тілеуберді Ресей депутаттарының сандырағына жауап берді

  • 424
  • UPD: 14:45, 23.12.2020

«Бред сивой кобылы». Еліміздің Сыртқы істер министрі ресейлік депутаттардың сандырағына осылай жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеріміздің тұтастығына қатысты айтылған сөзге дипломат Мұхтар Тілеуберді Мәжіліс депутаттарының алдында пікір білдірді.

«Сыртқы істер министрі ретінде айтарым, Ресейдің ұстанымы олардікімен сәйкес келмейді. Біздің шекарамыз заңды түрде делимитациядан өткен. Екіжақты тиісті келісімге қол қойылған. Қазір біз шекарамызды демаркациядан өткізудеміз. Пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Келесі 3 жылда бұл жұмысты бітіреміз», - деген министр ресейліктердің сандырағы намысына тигенін айтты.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Көтерілген мәселе өзекті. Никонов мырзаның айтылған сөздерінен кейін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына Ресей Федерациясының Уақытша өкілін шақырған болатынмын. Ол кезде елшілері Мәскеуге іссапарға кеткен болатын. Сондықтан менің орынбасарым қабылдады. Сол кезде біз Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын білдірдік. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, олар ресми түрде жауап бермейді, бірақ қабылдаған іс-шаралар туралы бізге хабарлаған еді. Олар да Парламентке, Президент әкімшілігіне хабарласып, «мұндай сөздерді жариялауға болмайды» дегендей сын айтқан болатын. Ал Федоров өз сөздерінде бұл мәселені тағы да қайталап жатыр. Ең біріншіден, қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде ондай сөздерге намысым келеді. Бірақ жоғары білім алған соң, Отанымыздың тарихын білгеннен кейін мұндай сөздерге «Бред сивой кобылы» деп жауап берер едім. Мұндай сөздер көтерілген кезде алдымен тарихшыларға, ғылымға сүйену керек.

Хабар 24 телеарнасы