420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Нығматулин: заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға бағытталған

  • 98
  • UPD: 14:13, 23.12.2020
Н.Нығматулин: заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыруға бағытталған

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыратынын, сыбайлас жемқорлықты төмендететінін айтты.

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин мемлекеттік сатып алу саласында басшылардың қызметін міндетті рейтингтік бағалау заң деңгейінде бекітілетініне назар аударды. Ол ең алдымен мемлекет мүддесін сақтай отырып, ашық жұмыс істеуге жол ашады. 

Айта кету керек, қолданыстағы заңда жеткізушілермен тікелей шарттар жасасу арқылы бір көзден сатып алу үшін негіздер қарастырылған. Бірақ депутаттар бұл нормаларды тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бәсекелестік әдістері таусылған кезде ғана осындай мүмкіндікті пайдалану талабымен толықтырды. Бұл талапты орындамаған мемлекеттік органдардың басшылары 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын адал және ашық мемлекеттік сатып алуларды өткізуге ынталандыру үшін депутаттар олардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін енгізу жолын ұсынды. Атап айтқанда, құқықбұзушылықтар саны, қаржы қаражатын үнемдеу үлесі, өткізілмеген сатып алу саны, сондай-ақ күші жойылған сатып алу және т.б.

Мәжіліс төрағасы рейтингтік бағалауды енгізудің, сондай-ақ осы процесті автоматтандыру мәселелерін пысықтаудың маңыздылығына назар аударып, жеткізулер арасында ғана емес, тапсырыс беруші мемлекеттік органдар арасында да бәсекелестік болуы тиіс екенін атап өтті.

Ақпарат көзі: Мәжілістің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы