429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Тәжікстанға өкпені желдеткіш жүз аппарат жөнелтті

  • 287
  • UPD: 20:32, 23.12.2020
Қазақстан Тәжікстанға өкпені желдеткіш жүз аппарат жөнелтті Иллюстративті фото / blogspot.com

2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Тәжікстанға автокөлікпен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын жіберді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» қаулысын орындау шеңберінде құрылғылар жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, «Көкшетау-4П» аппараттары Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 осындай құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңге тұрады. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы