Бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблея кеңесінің байқаушылары Қазақстанда өтетін сайлауды бақылау миссиясына кірісті.
Хатшылық мүшелері алдымен Парламент Мәжілісі депутаттарына сайлауалды ұзақ мерзімді мониторинг жүргізбек. Қазір сарапшылар елдің сайлау заңнамасымен толық танысқан көрінеді. Бүгінгі онлайн кездесу барысында мамандар Орталық сайлау коммиссиясының төрағасына көкейдегі сауалдарын қойып, жауап алды. Парламентаралық Ассамблея байқаушылары сайлау күні ел ішіндегі учаскелерден өзге ТМД-ға мүше елдердің астанасында да бақылау жүргізетін болады.
Дмитрий Кобицкий, ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының басшысы:
- Байқаушылар өз жұмысында бірінші кезекте ТМД-ға мүше мемлекеттердің демократиялық сайлау стандарттары туралы конвенцияда бекітілген қағидаттарын басшылыққа алады. Бұл ең алдымен саяси бейтараптылық, әділдік және партияларға тең жағдай жасау болып табылады. Бұл қағидалар сайлауда сақталады деп сенеміз.