423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулық тәуелсіз байқаушылар партия өкілдерімен жүздесті

  • 140
  • UPD: 22:37, 23.12.2020
Атыраулық тәуелсіз байқаушылар партия өкілдерімен жүздесті

Кездесу барысында сайлау заңнамасына енгізілген жаңа түзетулер мен шарттар түсіндірілді. Жиынға сайлау күні тәуелсіз байқаушы болғысы келетін үкіметтік емес ұйым өкілдері де қатысты.

Партия өкілдері үгіт-насихат кезіндегі мәселелерін де ортаға салды. Тәуелсіз байқаушылар штабының мәліметінше, облыста сайлаудың әділ әрі заң жүзінде іске асуын қадағалайтын 1500 тәуелсіз байқаушы арнайы оқудан өткен. 

Дәурен Сейітқалиев, партиялық емес тәуелсіз байқаушылар штабының жетекшісі:

- 7 ауданның барлығында да байқаушылар болады. ең үлкендері Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой аудандарында көпшілік болады. Халықтың көп шоғырланатын жерлерінде, яғни ЦОН деп жатырмыз, көп адам баратын, үлкен кісілер баратын жерлерде біреу афишалар тұрса деген ұсыныс болды жақсы.

Хабар 24 телеарнасы