419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық сайлау комиссиясы ҚХА сайлайтын кандиттар тізімін тіркеді

  • 123
  • UPD: 21:19, 24.12.2020

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ассамблея кеңесі ұсынған тізімде Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдрахманов, еліміздің коллекторлар палатасының төрағасы Юрий Ли және Әзербайжандар қауымдастығының төрағасы Абилфас Хамедов бар. Еске салайық, 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын ассамблея сайлайды. Кезекті сайлау 2021 жылдың 11 қаңтарында өтеді. Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кететін шығыны республикалық бюджет есебінен жабылады. «Бұл мақсатқа бөлінген жалпы сома 7 миллион 830 мың теңге», - деп хабарлады, орталық сайлау комиссиясы.

Сәбила Мұстафина, ҚР ОСК мүшесІ:

- Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары туралы 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/200 қаулысына сәйкес теледидардан 15 минут, радиодан 10 минут, мерзімді баспасөз бысылымдарында екі мақала жариялау үшін бірдей көлемде қаражат бөлу көзделген.

Хабар 24 телеарнасы