419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте тәуелсіз байқаушылардың орталығы құрылды

  • 147
  • UPD: 21:56, 24.12.2020

Шымкентте Парламент сайлауы алдында тәуәлсіз байқаушылардың орталығы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құрамға, Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен кәсіподақ саласының мамандары жұмылдырылған. Орталық тәуелсіз байқаушыларды әлемдік стандарт негізінде оқытып, сайлау заңдылығын үйретеді. Сайлау учаскелерінде қандай да бір заңбұзушылық болған жағдайда дұрыс әрекет етуге дайындайды. Осыған дейін оларға байқаушының негізгі міндеттері мен әдебі тақырыбында семинарлар ұйымдастырылып, ситуациялық жағдайларға байланысты тренингтер өткізілген. Ал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша бүгінде мегаполисте барлық партиядан 1517 байқаушы тіркелген. Ал Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан сайлауды екі халықаралық байқаушы қадағаламақ.

Бейсенкүл Нарымбетова, қалалық бейпартиялық ерікті байқаушылар штабының жетекшісі:

- Негізгі мақсат – осы сайлаудағы заңдылықтардың орындалуын қадағалау байқау болып табылады. Тағы бір мақсатыкәсіби байқаушыларды дайындау. Ерікті байқаушылар штабында 120 адамды дайындадық. Байқаушылар кезең-кезеңімен дайындықтан өтуде.

Хабар 24 телеарнасы