419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыста сайлауды бақылайтын тәуелсіз өңірлік штаб құрылды

  • 301
  • UPD: 22:35, 25.12.2020

Бүгін осы орталық қызметкерлері саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыста тәуелсіз байқаушыларды дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұған дейін арнайы оқытуға 1 мыңнан астам адам қатысқан. Бейпартиялық байқау штабының жұмысын Шығыс Қазақстанның азаматтық альянсы мен үкіметтік емес ұйымдар қолдап отыр. Тәуелсіз байқаушы боламын деген азаматтар арасында жастар көп.

Аяужан Әшімова, облыстық сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

– Біздің өңірімізде осы байқаушыларды даярлаумен көптен бері айналысып жүрген, өте тәжірибелі тренерлер айналысады. Пандемияға байланысты бұл жұмыстың бәрі онлайн режимде жүргізілуде. Жұмыс екі сағаттық вебинардан басталады және алдағы уақытта кеңес берумен сүйемелденіп отырады.

Хабар 24 телеарнасы