421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар халықаралық құжатты талқылады

  • 140
  • UPD: 11:15, 28.12.2020
Депутаттар халықаралық құжатты талқылады

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Бұл құжат қабылданғанда қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру үшін құқықтық жағдайлар жасалатын болады.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ратификация туралы заң жобасын палатаның қарауына жіберді.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы