418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс сайлауы күнгі санитарлық нормалар бекітілді

  • 120
  • UPD: 22:22, 29.12.2020

Бойынан вирус белгілерін байқаған азаматтар 10 қаңтар күні сайлауға қатыса алады. Бүгін сайлау күні сақталуы тиіс санитарлық талаптар бекітілді.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, денсаулығы сыр берген азаматтар туған-туыстарын сайлау учаскесіне жіберіп, өзінің атынан дауыс беруге өтініш беруіне болады. Тек өтінішті түскі сағат 12-ге дейін өткізу шарт. Құрамында сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар бар топ сайлау жәшігімен өтініш қалдырған азаматтың үйіне барады. Олар міндетті түрде бетпердесін киіп, белгіленген ережеге сай санитарлық талаптарды орындауы тиіс. Дауыс берушінің үйінен шыққан соң жәшік міндетті түрде дезинфекцияланады. Сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылардың барлығы 9 қаңтарға дейін ПТР тест тапсыруы тиіс.   

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы:

- ПТР тест сайлау басталғанға дейін 5 күн бұрын өту керек. Яғни қаңтардың бесінен тоғызы аралығында тапсыруы тиіс. ПТР тестілеу міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру есебінен жүргізіледі. Ол үшін жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына қаңтардың 3-іне дейін өтініш беріп, тіркеуден өтуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы