418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 400 байқаушы дайындықтан өтті

  • 112
  • UPD: 22:24, 29.12.2020

Қызылорда облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың мыңнан астам жас белсендісі 10 қаңтарда өтетін сайлауда байқаушы болуға ниет білдірді.

Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде байқаушылармен жұмыс және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Жандос Тұсмағамбетов мәлім етті. Өңірде 376 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Оның 120-сы облыс орталығында, 256-сы аудандарда. Оларда дауыс берудің ашықтығын арнайы дайындықтан өткен 400-ге жуық байқаушы бақылайды.

Жандос Тұсмағамбетов, байқаушылармен жұмыс және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық штаб төрағасы:

- Пандемияға байланысты білесіздер мәселе санитарлық талаптарды сақтай отырып біз арнайы семинарларды өткіздік. Сонымен қатар облыстың аудандарынан да белсенді азаматтардың бар екенін байқадық. Бірақ олардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біздер әрбір сайлау учаскесіне бір ғана мүшемізді, өкілімізді жібереміз. Бұрында мысалы, талап болмайтын болса, онда 3-4 адамнан дайындауға болатын еді.

Хабар 24 телеарнасы