421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда тәуелсіз байқаушылар қатары артып келеді

  • 121
  • UPD: 22:06, 29.12.2020
Алматыда тәуелсіз байқаушылар қатары артып келеді

10 қаңтардағы сайлауды бақылау мақсатында Алматыда тәуелсіз қоғамдық байқаушылар штабы құрылғаны белгілі.

Штаб басшыларының айтуынша, қазіргі таңда әділетті қоғам құруға ниеттілер күн сайын артып келеді. «Жастарға жол» қоғамдық қорының қатарына бүгінгі күні «Адам және қоғам» бірлестігі мен «Құндылық» қайырымдылық қоры қосылды. «Сайлау күні тәуелсіз байқаушы болсам» деген еріктілер саны мыңнан асты. Олардың қатары әлі де толығуы мүмкін.

Думан Отарбайұлы, «Құндылық» қайырымдылық қорының жетекшісі:

- Өз тарапымыздан семинар-тренинг секілді өткізіп,  бізге негізі қазіргі таңда хабарласып өздерінің ниеттерін білідіріп жатқан азамат пен азаматшалар көп. Солардың ішінен қоғам белсендісі жалпы осы сайлаудың әділ өтуіне өзінің бар-ынта жігерінн салып, тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдірген барша азамттарды шақырып, сол 10 қаңтарда сайлауға өз тарапымыздан қатыстырамыз.

Хабар 24 телеарнасы