425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау-2021. Дауыс беру кабиналарына перде ілінбейді

  • 502
  • UPD: 22:15, 30.12.2020

Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру кабиналарына перде ілінбейді.

Мұны мамандар «сақтық үшін жасап отырмыз» дейді. Індет жұқтыру қаупін азайту үшін осындай қадамға барған. Олар дауыс беру құпиялығы сақталатынын айтады. Шетелдік байқаушылар да мұны растап отыр. Өзге елден келген байқаушылар бүгін қаладағы бірнеше дауыс беру учаскелерін аралап, саяси науқанға дайындық барысын тексерді.

Евгений Козяк, ТМД байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі:

- Дауыс беру құпиялығы сақталады. Өйткені дауыс беруге келген адам кабинада бюллетеньді теріс қарап тұрып толтырады. Оның қай партияға дауыс бергені көпшілікке көрінбейді. Айталық, Молдовада болған соңғы сайлауда дәл осындай кабиналар қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы