Қ. Тоқаев Р. Бағланованың есімін есте сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев әнші Р. Бағланованың есімін мәңгі есте сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы.

Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі әнсүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым» деп жазды твиттерде Қасым-Жомарт Тоқаев.