421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Мемлекеттік тілді білу – парыз

  • 293
  • UPD: 14:51, 05.01.2021
Президент: Мемлекеттік тілді білу – парыз

Халықтың қалалық жерлерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңындағы елді мекендерде тұрғындар саны күрт азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының, солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына, қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса, соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін, барынша қолдап, оларды, жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз. Мақалада ұлттық мүдде төңірегінде осылайша ой толғаған Президент мемлекеттік тілді әр азаматтың білуі парыз екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаланың толық нұсқасы

Сондай-ақ:

Қ.Тоқаев: Қазақтың жері ешқашан сатылмайды

Қ.Тоқаев: Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алуы керек

Қ.Тоқаев қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу жасады

Президент аумақтық тұтастығымызға күмән келтіргендерге жауап берді

Хабар 24 телеарнасы