Қасым-Жомарт Тоқаев: Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн

Мақалада Президент соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласып, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға, ынтасы артып келе жатқанын да атап өтті.

Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – осы сұранысқа тікелей жауап. Оны Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың, заманауи үлгісі деуге болады деген Қасым-Жомарт Тоқаев елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ реформаны соза беруге де болмайды. Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Сол себепті біз ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшеміз. Осы арқылы ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Бұл қадам өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі үшін қажет. Содан кейін аудан әкімдерін сайлаймыз. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаланың толық нұсқасы

Сондай-ақ:

Қ.Тоқаев: Қазақтың жері ешқашан сатылмайды

Қ.Тоқаев: Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алуы керек

Қ.Тоқаев қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу жасады

Президент аумақтық тұтастығымызға күмән келтіргендерге жауап берді