Сайлау комиссияларының мүшелері арнайы дайындықтан өтті

Сайлау процесіне қатысушылар мен комиссия мүшелері электораттық-құқықтық оқытудан өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 100 мыңнан аса адам оқыды. Орталық сайлау комиссиясы республикалық деңгейде 40 семинар  өткізсе, қалғаны жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Осы орайда 2 оқу-әдістемелік кешені әзірленді. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Электораттық оқыту міндеті сертификаты бар арнайы мамандарға жүктелді. Семинарларға қатысқан  кадрлар оқығаны туралы құжат алды. Биылғы жылдың ерекшелігі – іс-шараның біразы онлайн форматта өтті.  Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен жауапты мамандары көшпелі семинарларға қатысты.