Жамбыл облысы бойынша партиядан тыс байқаушылар сайлауға дайын

Бүгін Жамбыл облысы бойынша партиядан тыс бақылау орталығы алдағы сайлауға әзірлік туралы есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған журналистер мен қоғам белсенділері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, партиялық емес бақылау орталығы Қазақстанның Азаматтық альянсының бастамасымен құрылған еді. Олар сайлау процесін үйлестіріп, дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз етуге атсалысады. Басты талап – байқаушылар ешқандай саяси ұйымға мүше болмауы тиіс. Жалпы бүгінде ел бойынша 500-ге жуық адам дайындалған. Оның 100-і мобильді байқаушылар.

Парида Мамедова, Партиялық емес бақылау орталығының жетекшісі:

- Олар бір мезетте жылжымалы болып, бірнеше учаскеге барады. Оларды біз дайындадық және алгоритмі дайын. Қазіргі таңда ең шалғай ауылдарға дейін барып, семинар өткізіп, 10 қаңтардағы міндеттері мен жүріс-тұрысы туралы, қай уақытта келіп кететіні туралы түсіндірме аяқталды.