Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
«Президент Армен Саркисянның @Arm_President коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдіріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.