Президенттің мақаласы болашақты айқындайтын идеологиялық негіз болады – Е.Қарин

Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласы мемлекетіміздің болашағын айқындайтын қуатты идеологиялық негіз болады. Мұны Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев егемен елдің өткен отыз жылдығындағы негізгі қорытындысын шығарып, жаңа кезеңдегі даму басымдықтарын айқындады. Төртінші он жылдықтың басты мақсаты ретінде әділ қоғам мен тиімді мемлекет құру екенін көрсетті. Осы ретте Ерлан Қарин Мемлекет басшысының саяси жаңғыру жөнінде айтқан сөздеріне арнайы тоқталған.

«Президент реформаларды ақылға қонымды әрі жүйелі жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті. Дегенмен, оны соза беруге болмайтындығын да ескертті», - деді. Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінен кейін аудан әкімдері сайланатынын айтты. Бұл тетік іс жүзінде өзінің тиімділігін көрсетсе, онда келесі деңгейдегі әкімдерді сайлауға көшу туралы шешім қабылданатын болады. Шын мәнінде бұл мақаладағы ең негізгі тезистердің бірі», - деді Президент көмекшісі.