419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы А.Маминді қабылдады

  • 172
  • UPD: 21:03, 06.01.2021

Кездесуде Асқар Мамин Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық һәм санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесін баяндады.

Елдің Тұңғыш Президенті коронавирусқа байланысты Үкімет былтыр күрделі жағдайда жұмыс істегенін атап өтті. Ұлттық экономикадағы тұрақтылықты сақтап, стратегиялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін дер кезінде қолға алынған шараларға да тоқталды. Үкімет басшысы берген мәліметке сәйкес негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 17 процентті құрады. Жұмыссыздық 5 процент деңгейінде болды. Жеңіл өнеркәсіп пен машина жасауда 16, фармацевтикада 40, құрылыста 12 жарым процент өсім байқалды. Бұдан бөлек, Елбасыға индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы да ақпарат ұсынылды. Бұл бағдарлама аясында елде 19 мыңдай жұмыс орны пайда болған.

Хабар 24 телеарнасы