418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау комиссиясының мүшелері сайлауалды кезеңнің нәтижесін қорытындылады

  • 88
  • UPD: 23:43, 08.01.2021

Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезінде саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдары теңдей қолжетімді болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, 10 желтоқсаннан 8 қаңтар аралығындағы 500-ге жуық республикалық және өңірлік Бұқаралық ақпарат құралдары қамтылды. Оның ішінде 47 телеарна, 321 газет және 131 интернет-ресурс бар.

Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Министрлік тарапынан ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізілді. Үгіт-насихат кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында 6,5 мыңнан астам материал жарияланды.

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- БАҚ-та сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзудың бір фактісі, заңсыз үгіттеудің 10 фактісі тіркелді. Прокуратура органдары әкімшілік іс қозғады. 13 адам жауапкершілікке тартылды.

Елімізде он мыңнан астам сайлау учаскесі дайындалды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін комиссия мүшелері ПТР-тест тапсырған. Ел бойынша 232 адамда коронавирус анықталды. Бүгін сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясы делегациясының өкілдерімен кездесуі өтті. Онда сайлау науқанының ерекшеліктері және дауыс беру күніне дайындық туралы айтылды.

Хабар 24 телеарнасы