Қазақстанда халықаралық байқаушылардың жұмысына барлық жағдай жасалған

ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Виктор Бондарев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, миссия өз жұмысын 21 желтоқсан күні бастаған. Бондарев делегация Орталық сайлау комиссиясының жұмысына еш кедергі келтірмегенін хабарлады. Бүгін халықаралық байқаушылар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевпен кездесті. Басқосуда комиссияның қызметі мен сайлау кампаниясының барысы сөз болды.

Виктор Бондарев, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

– ТМД миссиясынан 234 байқаушы тіркелген. Олардың 20-сы ұзақ мерзім бойы жұмыс атқарды. Миссияның штабы байқаушылардың қызметін үйлестірді. Біз аумақтық сайлау комиссияларының жұмысымен таныстық. Орталық сайлау комиссиясының кәсіби әрі бірлесіп орындаған жұмысын ерекше атап өткім келеді. Біз байқаушыларға барлық жағдай жасалғанын көріп отырмыз.