Сайлау-2021: Шет елдерде жүрген 11 мың қазақстандық өз таңдауын жасай алады
- 101
- UPD: 13:31, 10.01.2021

Бүгін әлемнің 53 елінде 66 сайлау учаскесі ашылды.
Қазір шетелде жүрген 11 мың қазақстандық осы учаскелерде өз таңдауын жасай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кетейік, биыл парламенттік сайлау алғаш рет пандемия жағдайында өтіп жатыр. Сондықтан дауыс беру орталықтарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген.