Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 194
- UPD: 10:43, 10.01.2021

Мемлекет басшысы Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.
– Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын, – делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, Индонезияда байланыс үзілген жолаушылар ұшағы теңізге құлаған еді. Оның бортында 65 адам болғаны анықталды. Өкінішке қарай, жолаушылардың барлығы қаза тапқан.