420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау-2021: ҚХП атынан депутаттыққа үміткерлер дауыс берді

  • 57
  • UPD: 11:32, 10.01.2021
Сайлау-2021: ҚХП атынан депутаттыққа үміткерлер дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісі мен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына Қазақстан халық партиясы атынан түсіп жатқан үміткерлер бүгін сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия төрағасы Айқын Қоңыров бастаған халықшылдар, осылайша, азаматтық құқықтарын жүзеге асырды. Саяси бірлестік өкілдері үгіт-насихат науқанының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, сайлаудың заңнамалық нормаларға сай өтетініне сенім білдірді.

Айта кеткен жөн, №113 сайлау учаскесінде санитарлық талаптар сақталған. Ал сайлаудың ережеге сай өтуін халықаралық және жергілікті байқаушылар қадағалап келеді.

Хабар 24 телеарнасы