«Ауыл» партиясы атынан үміткерлер өз таңдауын жасады

«Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер бүгін өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым төрағасы Әли Бектаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектепке барып дауыс берді. Айтуынша, биылғы сайлау ерекше жағдайда өтіп жатыр. Пандемияға байланысты үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сай өткізілді. Халыққа түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Енді «ел азаматтары да өз болашағы үшін дұрыс таңдау жасауы қажет», - деді Әли Бектаев.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Ауыл» партиясының атынан 19 депутат ұсынылған.