Елімізде сайлаушылардың 28,8%-і дауыс беріп үлгерді

Ел бойынша сайлаушылардың 28,8%-і өз таңдауын жасап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық сайлау комиссиясы осындай ақпарат таратты. Әзірге Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытып отыр. Ондағы сайлаушылардың 34,2%-ке жуығы дауыс берген. Төмен көрсеткіш Алматыда. Мұнда небәрі 15,7%. Дауыс беру процесіне қатысты соңғы дерек енді бір сағаттан кейін жарияланады