Сайлау учаскелері науқанға тыңғылықты дайындалған – халықаралық байқаушы

Қазақстандағы сайлау демократиялық жолмен өтіп жатыр.

Азаматтардың еркін таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Ешқандай заңбұзушылық байқалмады. Халықтың да белсенділігі жоғары. «Сондықтан кейбір сайлау учаскелерінде әлеуметтік арақашықтық сақталмай жатыр», - дейді Украинадан келген халықаралық байқаушы.

Сергей Евтушок, халықаралық байқаушы (Украина):

- Кейбір сайлау учаскелерінде әлеуметтік әлеуметтік арақашықтықтың сақталмай жатқанын көрдік. Бірақ бұл санитарлық талаптар. Сайлаудың әділ өтуіне кері әсер етпейді. Жалпы сайлау учаскелері жақсы дайындалған. Дауыс берушіге қажетті ақпарат пен нұсаулық жеткілікті. Азаматтық таңдау жасауға келген азаматтар қарасы көп болғанымен, кезек күтіп тұрғандар жоқ. Бұл да учаскелерде дайындықтың жоғары екенін білдіреді.