Елбасы: Сайлау тек саяси шара емес, бұл – елдің болашағы

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде тіркеуден өткен Елбасы «сайлау тек саяси шара емес, бұл – елдің болашағы» деп баға берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды саяси науқанға қатысып, конституциялық құқығын орындауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл толайын деп отыр. Осыған қарсы көп жұмыстар жасалады. Өздеріңіз білесіздер, өте үлкен үгіт-насмхат жұмыстары жүргізілді. Алдын ала таңдау, праймериз мәселесін көп адамдар болды «депутаттар арасына жаңа адамдар, жастар келсін деп, әйелдердің өкілдері келсін, мамандар келсін» дедік. Бұл сайлау деген жай ғана келіп дауыс беру ғана емес, ол еліміздің болашағы деген сөз. Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, Отаны бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз бен жанымыз бір, жеріміз бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы бір рет бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауды біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздегі ішіндегі тыныштық үшін сайлау беретін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау участкесіне келіп, өзінің азаматтық, конституциялық құқығын орындауға шақырамын.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы да орамды ойын да ортаға салды. Елбасының айтуынша, атқарылған іс аз емес. Бірнеше дағдарысты басынан өткерген Қазақстан және оның халқы барлық қиындықтарда бір бола білді. Тұңғыш президент, қазақстандықтардың алдында тұрған ендігі екі міндетті де атады.

Нұрсұлтан Назарбаев, «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я лично это как ваш Президент 6 раз проходил через такие выборы. Разные были периоды, вы помните. Сложности огромные были, мы прошли несколько кризисов, юговосточный кризис 1998 году прошлого века, огромный, великий финансовый кризис 2007-2009 года этого века, и вот сейчас находимся в условиях пандемии, который охватил весь мир. Благодаря организованности принятым государством мерам мы находимся в «зеленой» зоне. То есть, меньшими рисками чем другие государство. Перед нами задачи стоят, первое – это преодолеть эту пандемию, перейти в спокойную жизнь. Второе, наметить программы выполнить посткризисное развитие, преодолеть кризис потому что было снижение экономики, мы должны это преодолеть и встать на путь устойчивого развития. Я об этом абсалютно уверен. Әр уақыттағыдай мен сөзімді тілекпенен бітіргім келеді, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Болашағымыз жарқын болсын.