«AQ JOL» партиясынан депутаттыққа үміткерлер дауыс берді

«AQ JOL» партиясынан депутаттыққа үміткерлер дауыс берді

Азат Перуашев те өз таңдауын жасады.

Парламент Мәжілісі мен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына сайлауға «AQ JOL» партиясының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси ұйым басшысы елордадағы №122 сайлау учаскесінде болып, дауысын берді. Артынша, тілшілермен тілдесіп, саяси науқанның мәні мен маңызына тоқталды.

Айта кетейік, «AQ JOL» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына 38, ал барлық өңірдегі мәслихаттар депутаттығына 703 адам үміткер ретінде тіркелді.