Сайлау-2021: «ADAL» партиясының өкілдері дауыс берді

«ADAL» партиясының атынан Парламент Мәжілісі пен мәслихат депутаттығына ұсынылып отырған үміткерлер де дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия Төрағасы Серік Сұлтанғали №115 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, «ADAL» партиясының атынан Мәжіліске 16 үміткер ұсынылып отыр. Ал мәслихат депутаттығынан 532 партия өкілі үмітті.